Warning: is_dir(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/u89/www/core/components/translations/model/) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/aktlekorleu.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/aktlekorleu.kz/httpdocs/core/xpdo/xpdo.class.php on line 502
Компания туралы / Ak Tlek Orleu

Компания туралы

Компания өз жұмысын 2010 жылы Атырау қаласында мұнай-газ құрылғыларын, жалпы қолданыстағы құрылғыларды, және жеке қорғану құрылғыларын тасымлдаушы ретінде бастады.

Бүгінгі күні «АқТілекӨрлеу» ЖШС азаматтық және өнеркәсіптік құрлыспен айналысады. Компания арнайы мамандандырылған мынадай жұмыстарды орындайды: дәнекерлеу, құбырларды тосеу және мұнай саласындағы сыйымдылықтар бойынша, жол жүргізу жұмыстары, жоғарғы кернеулі тоқтар мен қосалқы станцияларды орнату жұмыстары, бақылама өлшеу құрылғылары және автоматтандыру құрылғыларын орнату, азаматтық құрлысы бойынша, инженерлік желілер, ағаш өңдеу жұмыстары, су-құбырлары жұмыстар, электр жұмыстары, бетон жұмыстары, шатыр жабу жұмыстары, желдеткіш құрылғыларын қондыру жұмыстары, әрлеу жұмыстары, аумақтарды орналастыру жұмыстары.

Бүгінгі күні, компания қызметкерлерінің саны 120 адамнан тұрады. Және олардың әрқайсысы өз істерінің жақсы маманы болып табылады. Компания үшін, оның қызметкерлері ерекше орын алады, және біз компанияның біліктілік деңгейін, және еңбек жағдайын көтеруге тырысамыз.

Компанияның ISO 9001: 2009 сертификаты

Сапа менеджментінің ISO 9001: 2009 енгізуімен, біз компанияның мемлекетаралық мекеме стандарттарына сай келетінін растадық. Бұл, компанияның жақсы ұйымдастырылғанын, жұмыс персоналдарының тұжырымдалған принциптерді түсінетіндігін, алға қойған мақсатқа ұмтылатынын және бекітілген құжат талаптарын сақтайтындығын білдіреді.

Компанияның басты мақсаты - аумақтағы құрылыс нарығында көсбасшысы болу. Құрылыстағы басты стандарттарды ұстанатын, алдыңғы қатарлы технологияларға негізделген көсбасшы болу. Мықты көсбасшы үшін, оның басты құндылығы үздік мамандар болыкоп табылады. Компанияның ең басты мақсаты - тұтынушылармен ұзақ мерзімді серіктестік қарым - қатынас жасау болып саналады.
  • Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану:

    Ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату

    Кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу

    Мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау

    Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту

    Мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау

    Ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру

    Ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау

    Мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау

    Мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау

  • Іздестiру қызметi

    Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде

    - Геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру

    - Инженерлiк-геодезиялық жұмыстар

  • Жобалау қызметiмен айналысуға (II санат)

     

    Өндiрiстiк мақсаттағы (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу)

    Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу)

    Технологиялық жобалау (көлiк құрылыстың технологиялық жобалардың бiр бөлiгiнiң өңдеуi)

    Күрделiлiгi бiрiншi немесе екiншi және үшiншi деңгейлердегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттiк жобалау

    Қала құрылысын (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау

    Құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау жөнiндегi объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын

    Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау

    Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау.

     

  • ҚҰРЫЛЫС МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ (2-ші санат)

    Инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысын, күрделі жөндеу мен реконструкциялау.

    Автокөлік және темір жолдардың құрылысы, күрделі жөндеу мен реконструкциялау.

    Технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстар.

    Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, іргетастары.

    Тірек тұрғызу немесе қоршау конструкциялары, ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен жол өтпелерін, өзге де жасанды құрылыстарды күрделі жөндеу мен объектілерді реконструкциялау)

    Арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын төсеу жөніндегі қамтитын желілік құрылыстарды күрделі жөндеу мен реконструкциялау.