Warning: is_dir(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/u89/www/core/components/translations/model/) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/aktlekorleu.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/aktlekorleu.kz/httpdocs/core/xpdo/xpdo.class.php on line 502
Атырауда Малайзияның Мұнай және газбен жабдықтау және қызмет көрсету базасының Консорциумы ашылды. / Жаңалықтар / Компания туралы / Ak Tlek Orleu

Атырауда Малайзияның Мұнай және газбен жабдықтау және қызмет көрсету базасының Консорциумы ашылды.

Малайзияның мұнай және газбен қамтамасыз ету және сервис базасының консорциумына 4 компания кіреді: «Хадид Инжиниринг СДН БхД», OTI, IFP және «AkTlekOrleu» ЖШС.

«Хадид Инжиниринг» компаниясының бас директоры Чингиз Набиевтің айтуынша, Қазақстанға келу туралы шешімді Малайзияның мұнай компанияларының тобы әлемге әйгілі «Deloitte» компаниясы жүргізген Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторын зерттеу негізінде жасады.

«Малайзияның тәжірибесі Қазақстан үшін өте қызықты, өйткені өткен ғасырдың 70-жылдарында мұнай-газ секторындағы жергілікті қамту оларда нөлге тең болды, оның 100 пайызы шетелдік мердігерлерге тиісті еді, бірақ 20 жылдан астам уақыт ішінде олар жергілікті қамтуды 0-ден 100 пайызға дейін арттыра алды.

Мұнда малайзиялық компаниялар өз өкілдіктерін ашты, бірақ олар мұнда малайзиялық қамтуды импорттамайды. Біз «Exxon Mobil», «Chevron», «Shell» талаптарына жауап беретін параметрлерге сай өз қызметтерінің сапасын арттырғысы келетін Қазақстандық компанияларды іздейміз. Қазір консорциум төрт компаниядан тұрады, бірақ біз кеңейтілетін боламыз және серіктес компанияны таңдауда бәсекелес емес, бірін-бірі толықтыратын ережеге сәйкес таңдаймыз. Осылайша клиенттер бір базада қызметтердің толық тізімін таба алады.